Өркениет

Танымал тэгтер: , , , , ,

Ақадырдан табылған алғашқы олжа

   0 297

Жәнібек ауданы аумағындағы Ақадыр-2 көне қорымына қазба жүргізген батысқазақстандық археологтар үлкен олжаға кезікті. Осындағы 46 қорымның бірінен ересек ер мен әйелдің және екі баланың сүйектері табылды.

Қазба кезінде табылған қола жебенің ұшына қарап ғалымдар бұл мүрделер темір дәуіріне, яғни б.э.д. V ғасырларға жатады деп отыр. Ер адамның жауырыны астынан сынған қол айна, әйел адамның жанынан қыш ыдыс, ұршықтың басы, әйнек моншақ шықты. Табылған жәдігерлер енді арнайы сараптамадан өткізілмек. Қорым құрылысының өзі қызық. Ені үш, биіктігі бір жарым метр болатын обаның іші ірілеу қыш тастармен көмкеріліпті. Тастардың арасы құммен толтырылған.

Жалпы, Ақадыр-2 Жәнібекте қазылған үшінші қорған. Жалпы ұзындығы 1200 метр болатын қорымдар шоғыры Ақадыр ауылынан үш шақырым жерде жатыр.

Яна ЛҰҚПАНОВА, Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының ғылыми қызметкері:

– Қабірден қыш құмыралар таптық. Біреуінде тіпті тамақтың қалдықтары сақталып қалған екен. Құмыра жуан ортасына дейін түсі сары тағаммен толтырылған. Өкінішке орай, ыдыстағы тесіктен ол сыртқа төгіліп қалған. Мұны айналасындағы топырақтың сары түске боялуынан көруге болады.

Автор: Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ, Орал

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

7 қыркүйек 2010, 11:08
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

7 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15