Өркениет

Танымал тэгтер: , , , , ,

Астана айбынын арттыру көзделуде

   0 318

Өнер саласының бір топ өкілдері «Творческий билет» қоғамдық бірлестігі сараптамалық кеңесінің осыдан бірнеше күн бұрын өткен бірінші кеңесінде Астана қаласының даму мәселелерін қарастырды. Бұл ретте олар қала құрылысының бүгінгі жай-жапсарын ғана сөз етіп қоймай, елорда көркін арттырып, оған қайталанбастай кейіп сыйлау үшін болашақта не істеуге болатындығын да талқыға салды.

Мәжіліске қатысушылар Астананы дамыту, көркейту үшін күні бүгінге дейін көп шаруа тындырылғандығын, жаңа үлгідегі сәнді ғимараттар бой көтеріп, қала мейлінше сәулеттене түскендігін айта отырып, дегенмен, шығармашылық әлеуеттің әлі де төмен болып жатқандығына қынжылыс білдірді. Сарапшылардың пікірінше, елордада жас таланттардың жетімсіздігі байқалады. Сол себепті де, жас дарындардың Астана игілігі үшін ізденуіне мүмкіндік туғызатындай Шығармашылық үйін ашу идеясы туындап отыр.

Кеңес мүшелерінің айтуынша, қазіргі таңда жас ұрпақтың бойында туған қаласына деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру мәселесі де өте өзекті болып отыр. Осы орайда:

– Кескін-келбеті жөнінен деңгейі жоғарылағанымен, Астана рухани тұрғыда көтеріле алмай отыр. Жастар көшеде сыра ұстап жүреді, қоқысты кез келген жерге тастай салады, одан қалса, машина терезесінен лақтырады. Астананың әрбір тұрғыны осындай келеңсіз көріністермен күресуі тиіс, – дейді «Нұр Медиа» ЖШС бас директоры Қайсар Жаңаханов. Сондай-ақ, елорданы мәдениет пен тазалық эталонына айналдыруға бағытталған «Астана – таза қала» ақпараттық акциясын өткізуге шақырған ол:

– Астана – тек таза қала ғана емес, «таза» қолдар мен таза ойлардың да орталығы болуы керек, – деп айрықша атап өтті.

Шара ұйымдастырушыларының сөзіне жүгінсек, мәжіліс барысында айтылған ой-пікірлер мен ұсыныстардың барлығы мемлекеттік органдардың назарына ұсынылып, нақты шаралар атқарылатын болады.

Автор: Сәруар САҒЫМ

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

7 қыркүйек 2010, 11:07
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

7 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15