Биыл әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 750-ден астам «Алтын белгі» иегері, халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың 150-ден астам жеңімпазы, 3000-нан астам мемлекеттік грант иегері оқуға қабылданды. Бұл – еліміздегі жоғары оқу орындары үшін рекордты көрсеткіш.
Ұлттық университет тарихына қатысты бұл жетістік Білім күні ректор, академик Бақытжан Жұмағұловтың «Университет – әлемдік инновациялық үдерісте» атты бас дәрісі барысында жария етілді. Оны тыңдау үшін Студенттер сарайына 2000-ға жуық тыңдарман жиналды. Ректор бірінші курсқа қабылданған талапты жастарды «элиталы гвардия» деп атап, оларға: «Қазақстанды 2030 стратегиясына жеткізетін, сол дамыған қоғамды бәсекеге қабілетті ететін – сіздер», – деп зор сенім білдірді. Жаңа оқу жылының алғашқы күні қарашаңырақтың әр факультетінде қоғам қайраткерлері дәріс оқыды. Олардың қатарында «Экомед» медицина орталығының директоры Салтанат Байқошқарова, Қазақстан география институтының директоры Ахметқали Медеуов, Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, академик Карл Байпақов, ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Халықаралық экономика және саясат институтының директоры Сұлтан Айқымбеков, «Айқын» газетінің директоры әрі бас редакторы Нұртөре Жүсіп, Алматы қаласының бас қаржы полицейі Мақсат Дүйсенов, «Қазақстан халық банкі» басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова, KASE биржалық кеңесінің төрайымы Айгүл Тасболат, Экономика институтының директоры Оразалы Сәбден және тағы басқалар бар.
Автор: Саягүл ӘЛІМБЕКОВА
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: