Әзіл-шын аралас

Танымал тэгтер: Әзіл

Әзіл-шыны аралас

   0 415

Жаңа пәлсапа:

 «Барлық ақшаны өз еңбегіңмен табу мүмкін емес. Жетпегенін жымқыру керек».

 «Уақыт – ұлы емші. Бірақ ол әжімдердің қыртысын жаза алмайды».

***

Телефон қоңырауы:

– Алло, сәлеметсіз бе, Қарлығашты бола ма?

– Толық білмеймін, бірақ айтып көрейін:

«Қарлығаш, әннің аты, жырымды айтам,

 Сүйген жар, сеніскен дос, сырымды айтам, Қар-лы-ғаш...»

– Жарайды онда, Сәулені бола ма?

– А-а, оны білем:

«Сәулем, Сәулем, Сәулем,

Кір шалмаған арымсың...»


***

Психологтің қабылдауында:

– Мен күнде айнаға қарап, өзімді сұлу әрі әдемі сезінгенді жақсы көремін. Бұл күнә емес пе?

– Бұл – күнә емес, жай ғана қателесу.


***

Асханада:

– Сатушы, қашаннан бері сіздер бәлішке етті аз қосатын болғансыздар?

– Кешіріңіз, бірақ бізге тексерушілер мысық ұстауға тыйым салды.

– Сонда қалай, мынаның ішіндегі мысықтың еті ме?

– О не дегеніңіз? Мысықтың етін жемейді ғой, ол тышқан аулау үшін керек...

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

20 тамыз 2010, 10:41
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

8 ақпан 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
  1234567891011121314151617181920212223242526272829    

Бағамдар

Валюта бағамы 01.01.1970
USD/KZT 0 0%
EUR/KZT 0 0%
RUB/KZT 0 0%

Ауа райы

Болжам 08.02.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана -16...-14 -22...-20
Алматы -12...-10 -17...-15
Павлодар -16...-14 -17...-15