Әскери қызметкерлердің қызметінен күмәнданған Шығыс аймақтық прокуратурасы олардың жемқорлық әрекеттеріне қатысты қылмыстық істі қозғауды бастаған. Себебі облыста осы жылдың басынан бері осындай бағытта екі оқиға тіркеліп отыр. 
Біріншісі – Семейде, екіншісі – Өскеменде. Нақтырақ айтсақ, 2008 жылдың 12 шілдесінде Қорғаныс министрлігінің құрылыс басқармасы және «Икам-Групп» ЖШС арасында Семей қаласындағы «Юность» ауданынан әскери қызметкерлерге арналған 160 пәтерлі екі жатақхана салу туралы екіжақты келісімге келеді. Келісімге сәйкес, құрылыс жұмыстары өткен жылдың соңында бітуі керек болатын. Құрылыс жұмыстарына министрлік тарапынан 369 миллион 450 мың теңге қаражат бөлінеді. Осы қаржыға атқарылған жұмыстар туралы акт құрылды. Бірақ белгіленген жердегі құрылыс ғимараты тек жартылай ғана салынғандығы белгілі болады. Арнайы сапартама қорытындысы бойынша 178 миллион 37 мың теңгенің жоғалғандығы анықталып, күдікті ретінде әскери шенді полковник айыпталып отыр.
Осыған ұқсас екінші қылмыстық іс облыс орталығы Өскеменде орын алған. Бұл жерде де әскерилерге арналған жатақхананың құрылысы белгіленген уақытта бітпей, бөлінген қаржы талан-таражға түскен. Осы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Енді бұлардың іс- әрекеттерін республикалық әскери прокуратура қарастыратын болады.
Автор: Роллан Кемербай, Семей
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: