Алаш-ақпарат

Танымал тэгтер: , , , , ,

Сиыры – үшем, қойы төртем туған күн

   0 75

Жуырда Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданын­да бір қой бірден – төрт қозы, Қазталов ауданында бір сиыр қатарынан үш бұзау туды. Қаратөбе ауданының тұрғыны Ғизат Баянғалиев қора толы төрт түлігіне бейжай қарамайды. Уақытылы шөбін салып, жемін жемдеп, қауға алып суарып, ірілі-ұсақты жұмысты күні бойы өзі атқара береді. Сабақтан бос уақытта ұлы Бекзаттың тигізер қолғабысы тағы бар.

Өткен сенбіде Ғизекеңнің бір қойы бірден төрт қозылы болды.

– Қозылардың жүрісі ширақ. Екі қозы­ның түсі – қара, қалған екеуі қоңыр түсті. Енесінің емізуі де қалыпты. Бірақ қозыларға бір мезгіл сиырдың сүтін беремін, –дейді мал иесі.

 «Мал өсірсең, қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген – осы.

Ал Қазталов ауданы Қошанкөл ауылы­ның тұрғыны Марат Бегалиевтің сегіз жасар сиыры бірден үш бұзау туып, айды аспанға шығарды. Былайша айтқанда, бұл «мөңіреме» «үш жылдық жоспарды» бір жылда орындады.

Ауыл әкімі Аязби Шамұратовтың ай­туынша, сиыр қолдан ұрықтандырудан (қазақтың ақбас сиыр тұқымы) өткен. Ұрық­тандырушы техник маман  Есен Жұ­маев­тың есеп кітабына жазылған. Әр бұзау­дың салмағы 20 келіден тартады. Дүниеге келген бұзаулар ширақтық көр­сетуде.

Халқымызда сиыр малы егіз тапса, оған көп қуана қоймай, жаман ырымға ба­лап, сыңарын басқа адамға беріп жібере­тінін естуші едік. Ал сиырдың үшем табуын қандай ырымға жатқызуға бола­ды. 

Автор: Артур ОРЫНҒАЛИҰЛЫ, Орал

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

4 ақпан 2012, 14:17
Рейтинг:  

Іздеу

Мұрағат

18 мамыр 2012
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
 12345678910111213141516171819202122232425262728293031   

Бағамдар

Валюта бағамы 18.05.2012
USD/KZT 147.72
EUR/KZT 187.46
RUB/KZT 4.71

Ауа райы

Болжам 19.05.2012
Ұсынылды Gismeteo.Ru
  Күндіз Түнде  
Астана +18...+16 +9...+7
Алматы +23...+21 +21...+19
Павлодар +14...+12 +7...+5