Халықаралық маңызы зор талай бастамаға ұйытқы болған Қазақ еліне әлем жұртшылығы тағы бір маңызды шарасын сеніп тапсырмақ. Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі елордамыз Астанада өтетін болды. Бұл туралы кеше Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталес хабардар етті.
ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге көптеген мемлекеттен өтініш келіп түскен. Алайда бұл жолғы бәсекеде Қазақ елінің байрағы басым түсіпті. ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге Қазақстанның барлық мүмкіндігі бар. Атап айтқанда, оған елорданың қарқынды дамуы және Қазақстанның Киото хаттамасына қол қоюы дәлел. Оған қоса, Қазақстан энергетика саласындағы көш басындағы елдердің бірі болып табылады. Ал ЭКСПО-2017 көрмесі «Болашақ энергияның дамуы», «Энергетиканың жаңа түрлері» мәселелеріне қатысты болмақ», – деп атап өтті Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы.
Елімізде 6 қыркүйектен бері сапарлап жүрген Лоссерталес мырза Мемлекет басшысымен, экономикалық даму және сауда, туризм және спорт министрлерімен, сондай-ақ Астана қаласының әкімімен кездесулер өткізіп, көрменің өтуі туралы мәселелер қозғаған. Бұл көрменің Астанада өтетінін сүйіншілегенімен, шетелдік мейман дәл қай жерде өтетінін айта алмады. «Мен Астананы географиялық жағынан біле бермеймін. Бірақ едел-жедел өте тартымды жолмен дамып келе жатқанына куә болдым. Ал көрменің қаланың ең тамаша жерінде өтетініне сенімдімін», – деп атап өтті ол.
Автор: Бүркіт НҰРАСЫЛ, Астана
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: