Алаш-ақпарат

Танымал тэгтер: , , , , ,

Қызылжарда қар жауды

   0 277

Қызылжар өңірінің Жамбыл ауданында қар аралас жаңбыр жауып, енді қыза түскен егін орағын тоқтатуға мәжбүрледі. Ауа райын болжау орталығы 9-10 қыркүйек күндері де күн суық болып, қар жауатынын хабарлады.



 Облыс диқандары барлық егіннің 70 пайыздан астамын ғана қамбаға құйып үлгерді. Енді қалғанының қар астында қалу қаупі бар. Себебі суық ауа райы мен қар аралас жаңбыр қыркүйектің ортасына дейін жалғасады деп күтілуде. Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент те алдағы күндері ауа райы 0, - 2 градусқа дейін төмендеуі мүмкін екендігін хабарлап, тұрғындарға алыс сапарға шығарда абай болуды ескертті.



Гүлзат ҒАЗИЗОВА, «Қазгидромет» орталығы метероболжамдар бөлімінің бастығы:

– Күн райы 2 градус нөлден төмен­деп, толассыз жауған жаңбырдың арты қарға ұласады. Боз қырау түседі. Мұн­дай температура қыркүйектің 15-іне дейін сақталады деп болжап отыр­мыз.




 

Автор: Ербақыт Амантайұлы, Қызылжар

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

9 қыркүйек 2010, 11:29
Рейтинг: