Қарағандыдағы балаларға арналған облыстық клиникалық ауруханада жылына 2000-нан астам балақай емделеді. Кеншілер қаласы мен облыс жұртшылығына қызмет ететін осынау көпсалалы емдеу мекемесінің жекелеген ғимараттарына биыл «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 117 миллион теңге көлемінде қаражат бөлініп отыр.
Аталмыш аурухана пайдалануға берілгеннен бері өңдеу-жөндеу жұмыстарын көрмеген №3 корпус, шын мәнінде, тозығы жетіп тұрған екен. Қазір осы ғимараттың шатыры жамалып, қасбеті талапқа сай өңделді. Оған қоса терезелері ауыстырылып, ауруханаға керекті құрал-жабдықтары түгенделіп жатыр. Дей тұрғанмен, аумағы 14 мың шаршы метрді алып жатқан үлкен ғимаратты жөндеуге бөлінген 117 миллион теңге көлеміндегі қаражат аздық ететіні ескеріліп, нысанға тағы да 120 миллион теңге қосымша бөлінбекші. Жақында емдеу мекемесін аралап, жүргізіліп жатқан жоспарлы шаруалармен танысқан облыс басшысы ауруханада бала дүниеге келгенге дейінгі уақытта ана денсаулығын тұрақты бақылайтын перинаталдық орталық ашу керектігін баса айтты. Кетеуі кетіп тұрған ғимаратты толық жөндеу жұмыстары қарашаның басында тиянақталмақшы.
Серік АХМЕТОВ, Қарағанды облысының әкімі:
– Қазіргі таңдағы денсаулық сақтау саласындағы басты парызды міндеттердің бірі, бірегейі ана мен нәрестелер денсаулығын сақтау екені анық қой. Бұл тарапта біз осы ауруханада бала дүниеге келгенге дейінгі уақытта ана денсаулығын тұрақты бақылайтын перинаталдық орталық ашуымыз керек деп есептейміз. Ол орталықта 200 адам бір мезетте қабылданатындай болуы керек. Орталық ең алдыңғы қатарлы техникалық құралдармен жабдықталуы керек.
АЛАШ-АНЫҚТАМА:
«Жол картасы» бағдарламасы бойынша Қарағанды облысында 2010 жылға 13 миллиард 253 миллион теңге бөлініп, 528 нысанды жөндеу жоспарланып отыр.
Қыркүйектің басындағы жағдай бойынша 316 нысандағы жұмыстар аяқталды, басқаларында жұмыстар желілік кестеге сай жүргізілуде.
Бағдарлама бойынша 14 253 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде, ал әзірше 13 598 жұмыс орны құрылды, 13 448 адам жұмыспен қамтылды, оның 9592-сі – жұмыспен қамту органдарының жолдамасы бойынша келгендер.
«Жол картасы» шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттің 549,4 млн теңге сома көлемінде үнемделуі есебінен қосымша жөндеуге болатын 88 нысанның тізбесі жасалды.
Автор: Серік САҒЫНТАЙ, Қарағанды
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: