Алаш-ақпарат

Танымал тэгтер: , , , , ,

Жаңа портал қоршаған ортаны қорғауға шақырады

   0 292

Қазақстанда ауаға тарайтын көмір қышқыл газын азайтуға бағытталған бағдарламаларды дамытуға әрі тұрғындарды экологияны жақсартуға жұмылдыруға арналған тұңғыш онлайн-ресурс іске қосылды.



Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қазір ғаламшар атмосферасындағы кө­мір­қышқыл газының шоғырлануы мил­лионға 390 бөлшектен келеді. Бұл тиісті мөлшерден бірнеше есе көп, яғни әлем климаттық дағдарысты бастан өткеруде. Жерді аман сақтап қалу үшін көмір қышқыл газын жоқ дегенде 350 бөлшек­ке дейін қысқарту керек. «Жұмысқа!» ұра­ны­мен ашылған электрондық сайтта тұрғылықты жерінің экологиясына бейжай қарамайтын әрбір азамат ауаның ластануын төмендетуге бағытталған идея­ла­рымен бөлісіп, өзіне қажетті мағлұ­маттар ала алады. Қазақстанның эколо­гиялық ахуалын жақсартуға бел байлап отырған қозғалыс мүшелері мұнымен тоқтап қалмақ емес. Олар бұдан бөлек, қазанның 10-ына дейін республиканың әр аймағындағы ұйым, мекеме басшыларын күн панельдерін пайдаланып, желдеткіш­терді көптеп орнатуға және жасыл желектер отырғызуға шақырып отыр.



Павел КОКТЫШЕВ, «350 Қазақстан» қозғалысының ұлттық үйлестірушісі:

– Қазанның 10-ы күні әлемнің барлық мемлекетінде 10/10/10 Glo­bal Work Party науқаны өтеді. Мәсе­лен, шара аясында сумо балуандары Токионың орталығында велосипедпен шеруге шықса, Париж басшылығы биыл ауаға тарайтын улы заттарды 10 пайызға төмендетуді өз міндетіне алды. Біз де ауқымды шараға үн қатуды жөн санап, www.350.kz порталын іске қостық.

Автор: Жансая Серғазықызы

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

9 қыркүйек 2010, 10:29
Рейтинг: