Алаш-ақпарат

Танымал тэгтер: , , , , ,

Банк қызметкері жауапкершілікке тартылды

   0 288

Жуырда Атырау облыстық прокуратурасы арнайы тексеру жүргізіп, «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі» мемлекеттік мекемесі Атырау филиалы қызметкерінің сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқық бұзушылық жасағанын анықтады.



ҚР Бас прокуратурасы мамандарының мәліметінше, банк филиалының валюта операцияларын бақылау бөлімінің жетекші маман-экономисі М.Суханбердиева жергілікті салық органына 2009 жылдың қорытындысымен табыс туралы декларациясында өз атында ешқандай мүліктің жоқтығын көрсеткен. Алайда тексеру нәтижесінде М.Суханбердиеваның жекеменшігінде Атырау қаласы Жұмыскер-2 ықшамауданы 82-учаскеде жеке үй құрылысын салу үшін жер телімі бар екені анықталған. Тексеру нәтижесінде М.Суханбердиеваға қатысты әкімшілік құқық өндірісі қозғалып, қарау үшін сотқа жолданды. Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 23.08.2010 жылғы қаулысымен М.Суханбердиева ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 532-бабы 2-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 141 300 теңге мөлшерінде айыппұл салынған.



 

Автор: Нұрмұхаммед МАМЫРБЕКОВ

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

8 қыркүйек 2010, 10:54
Рейтинг: