Табыс толағай болса, салықшылар салық салмаса, тапқан теңге түгел қалтада қалса, одан қалса жемқорлықпен тапқан ақша еселене түссе... Бұл осылайша жемқорлықтың арқасында ісін ұршықша иіріп жүргендердің «арманы» болса керек. Алайда арманның да алдайтын кезі болады.
Жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың елеулі бөлігі мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардағы мемлекеттік сатып алулар саласында орын алатыны белгілі болып отыр. Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткізілген жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі облыстық комиссияның отырысында талай былық-шылықтың беті ашылды. Жемқорлыққа қарсы шаралар нәтижесінде аймақ көлемінде 85 қылмыстық іс тіркеліп, оның 62-сі облыстық басқармаларға, Тараз қаласы мен аудандардың әкімдіктеріне қатысты болып отыр. Мұны облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Әсіресе мемлекеттік қызметкерлер арасында бұл қылмыс түрі «қызып» тұр. Мәселен, ауылдық округтердің әкімдері мен балабақшалар меңгерушілеріне бес қылмыс тиесілі болса, 11-і орта мектептер директорларына қатысты, қалған қылмыстар облыстық және аудандық деңгейдегі түрлі санаттағы мемлекеттік қызметшілердің үлесінде.
20-дан астам қылмыстық іс министрліктер мен аймақтық ведомстволар қызметкерлеріне қатысты қозғалған. Оның ішінде өздері құқықты қадағалауы тиіс Ішкі істер департаменті, Қаржы полициясы, сот орындаушылары бар. Бұл қылмыс түрінен Көші-қон комитеті, Фармацевтикалық бақылау, Салық комитеті департаменттері, «Қазпошта» АҚ, Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп инспекциясының мамандары да тыс қалмапты. Биылғы жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелерін қорытындылаған облыстық комиссия мемлекеттік сатып алуларды жүргізуді орталықтандыру қажет деген шешімге келді. Сараптама көрсетіп отырғандай, жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың елеулі бөлігі қызметтің осы саласында орын алады. Жемқорлықпен күресудей-ақ күресіп келеміз. Бірақ оның аждаһадай әл берер түрі жоқ.
Автор: Гүлжан КӨШЕРОВА, Тараз
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: