Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешені мен биылғы жылы қарашада пайдалануға берілетін «Изумрудный квартал» деп аталатын 39 қабатты әкімшілік корпусы кешенін аралап көрді.
Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешені 165 бизнес-кластық пәтерден тұрады, оның 30 пәтері үлескерлерге тиесілі. Қалған 135-і алдағы кезде сатып алу құқығы негізінде жалға берілетін болады. Барлық пәтерлер толық әрленген әрі қоныстану үшін дайын. «Изумрудный кварталдың» жалпы алаңы 112 мың шаршы метр. Бұл екі нысанның қаржыландырылуы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тарапынан Астана қаласындағы құрылыс объектілерін аяқтау жөніндегі дағдарысқа қарсы мемлекеттік бағдарлама аясында жүргізілді. Брифинг барысында Президент журналистерге Астананың жаңа әкімшілік орталығы құрылысының жоспары туралы айтып берді. «Бұл жерде «Хабар» агенттігі, «Қазақстан» корпорациясы орналасатын медиаорталық салынатын болады. Мұнда өзге де телекомпаниялар көшіп келеді. Осында фильмдер жасалып, қоғамдық іс-шаралар өткізілетін, заманауи студиямен жабдықталатын жаңа медиакешен орналасатын болады, – деді Елбасы. Сонымен қатар Оқушылар сарайы, Қазақстан тарихының мұражайы, опера және балет театры және өзге де ғимараттар бой көтермек. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай елордада спорт, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы жаңа нысандар пайдалануға беріледі» – деп атап өтті.
Автор: Жарқын ТҮСІПБЕКОВ
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: