Алаш-ақпарат

Танымал тэгтер: , , , , ,

Мемлекеттік хатшы ҚХР Компартиясының хатшысымен кездесті

   0 303

Кеше ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев елімізде іссапармен жүрген Қытай Коммунистік партиясының ОК Хатшылығының хатшысы, Саяси бюро мүшесі, ОК Насихаттау бөлімінің жетекшісі Лю Юньшанмен кездесті.



Кездесу барысында тараптар Астана мен Бейжің арасындағы екіжақты ықпалдастық жөніндегі ұстанымдарын, атап айтқанда, сауда-экономикалық байланыс пен шекара маңы ынтымақтастығын пысықтап, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі қатынастарды, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқыға салды. Сондай-ақ Қырғыз елінің ағымдағы жағдайы жөнінде де әңгіме өрбіді. «Бүгінгі күні Қырғыз еліне көмек көрсету бойынша жан-жақты күштерді біріктіру осы елдегі және бүкіл өңірдегі тұрақтылықты, экономикалық өрлеу мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөлге ие болмақ», – деп атап өтті өз сөзінде Қ. Саудабаев. Сонымен бірге Мемлекеттік хатшы Елбасы Н.Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның өткен маусым айында Астанада жүргізген келіссөздерінің Қазақстан-Қытай стратегиялық әріптестігін одан сайын нығайтуға септігін тигізіп отырғанына назар аударды. Ол сөз арасында қытайлық қонақты Қазақстанда жүзеге асып жатқан 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасымен таныстырды.



 

Автор: Қанат Қазы

Мақалаға қатысты пікірлер:

Пікірдің қосылуы

4 қыркүйек 2010, 12:35
Рейтинг: