Биылғы жылы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің бірінші курсына 197 «Алтын белгі» иегері мен түрлі республикалық олимпиадаларда жүлде алған 225 бала түскен. Бұл туралы 80 жылдық тарихы бар білім беру ошағының жаңа оқу маусымына арналған салтанатты жиында университет ректоры Айқан Ақанов айтты.
Оның сөзіне қарағанда, университетте осы уақытқа дейін 60 мың дәрігер дайындалды, олардың 2,5 мың маманы шетел үшін білім алды. Бүгінгі таңда оқу ордасының сегіз факультетінде әлемнің 12 елінен келген 9 мыңнан астам түрлі ұлт өкілінен құралған студенттер білім алуда. Ректордың айтуынша, жаңа оқу маусымына орай, университеттің материалдық-техникалық базасы күшейтіліп, дәрісханалардың шамамен 60 пайызы күрделі жөндеуден өтті. Мұндай қомақты жұмыс соңғы 60 жылда атқарылмаған екен. Сондай-ақ ең бастысы, оқу барысы түгелдей қайта қараудан өтті. Ректордың айтуынша, оқуға жаңа қабылданған студенттердің білім сапасын одан әрі арттыру басты міндеттердің бірі болып табылады. Мәліметке қарағанда, осы жылы бұл университетке қабылданған студенттердің саны өткен жылғымен салыстырғанда 2,5 есеге аз екен. Ал оқуға түсу мүмкіндігі, керісінше, басқа білім беру ошақтарына қарағанда 10-15 балға жоғары болған. Сонымен бірге жаңа оқу жылынан бастап мұнда Ауғанстанның 85 студенті оқитын болады.
Айқан АҚАНОВ, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің ректоры:
– Ағымдағы жылдан бастап болашақ дәрігерлер халықаралық дәрежеге сәйкес келетін батыс стандарттары бойынша білім алады. Бұл жаңаша білім алу, жаңаша үйрену, тиянақтылық, науқас адамға дер кезінде көмек көрсету және үнемі білім мен тәжірибені жетілдіру болып табылады. Мұндай шешім студенттердің де, оқытушылардың да психологиясын толық өзгертеді. Оқу ордасының 80 кафедрасы ауру түрлеріне қарай кластерлерге біріктірілді. Мүмкін, біз ТМД елдерінің ішінде мұндай реформа қабылдаған бірінші университет шығармыз.
Автор: Нұрмұхаммед Мамырбеков
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: