VII қысқы Азия ойындары мен оның дайындығы кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қыркүйектің 13–18-і аралығында Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысы аумағында «Қазқұтқару–2010» арнайы тактикалық оқу-жаттығу шарасы өтеді. Апаттық-құтқару қызметтері мен Төтенше жағдайлар министрлігі құрылымдары Азиада нысандарында қалай жұмыс істеу керектігін дағдыға енгізбекші.
Қысқы ойындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайы тамыздың 31-і күні төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың қатысуымен болған ведомство отырысында талқыланды. Төтенше жағдайларды жою департаментінің директоры Диханбек Сатылғановтың мәліметінше, Азия ойындары мен оның дайындығы кезеңінде спорт нысандары мен спортшылар делегациялары қоныстанатын орындарда кезекшілік атқару тәртібі жасалады. Кезекші жасақтар құрамында өртсөндірушілер, «Қазселденқорғау» мекемесі мамандары, Апат медицинасы орталығы дәрігерлері, жедел жәрдем өкілдері мен құтқарушылар болады. «Қазәуеқұтқару» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының әуе техникалары да Олимпиада аяқталғанша тұрақты кезекшілікке жұмылады. Қазіргі уақытта құтқарушылардың спорттық шаралар өтетін нысандардағы қозғалыс бағыттары мен әрекет ету жоспарлары айқындалып жатыр. Бұл жоспар қыркүйектің 13-інде басталып, бес күнге созылатын оқу-жаттығу шарасы кезінде пысықталмақшы. Оған төтенше жағдайлар ведомствосының жеке құрамының 1132 маманы мен 172 техникасы атсалысады.
Автор: Болатбек Мұхтаров
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: