2011 жылы еліміздің спорт саласында VII қысқы Азия ойындарымен қатар тағы бір ірі оқиға болғалы тұр. Қазақстандық «Астана» автожарысшылар командасы тұңғыш рет әйгілі «Дакар-2011» халықаралық ралли-марафонына қатысып, бақ сынамақ.
Автосүйер қауымға ең алдымен «Париж–Дакар» атымен танымал әйгілі ралли-марафонға қазақстандық топ «КамАЗ» жүк көлігімен қатыспақ. Келер жылы қаңтардың 1-інде басталып, 15 күнге созылатын сайысқа біраз уақыттан бері жолсыз жерлердегі халықаралық жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанып жүрген Марат Абықаев, Артур Ардавичус, Денис Березовский және Жанат Жалымбетов есімді белгілі автожарысшылар бар. Бұл жолы Оңтүстік Америкада өтетін халықаралық «Дакар-2011» марафонына қатысушылар бүкіл дүниежүзі автопилоттарымен тең дәрежеде өнер көрсететіндеріне сенімділік танытып отыр.
Марат Абықаев, «Астана» тобының директоры:
– Қазір жарысқа техникалық, физикалық және моральдық тұрғыда қызу дайындық жүріп жатыр. Әлемдік деңгейдегі сайыста үлкен жетістіктерге жететінімізге топ мүшелерінің тәжірибесінің септігі тиетініне сенеміз. Әрі жарысқа қатысатын «КамАЗ» көлігі арнайы тапсырыс бойынша жабдықталған. Ресейлік топтың дәл осындай жүк көлігімен қатысып, бірнеше мәрте жеңімпаз атанғанын ескерсек, біздің де құр алақан қалмасымыз анық.
Айта кетейік, «Астана» тобы алғаш рет «Дакар» жарысында 2008 жылы бақ сынамақ болған. Алайда сайыс түрлі себептермен өтпей қалған еді.
Автор: Жансая Серғазықызы
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: