Биыл Атыраудағы жалпы тәртіптегі колония қабырғасындағы 200-ге тарта оқушы партаға отырмақ. Мұндағы Түзету жүйесі комитеті департаментінің УГ 157/9 мекемесінде жазғы демалыс басталғанға дейін 16 және одан да жоғары жастағы оқушылар саны 120 болса, жаңа оқу жылында олардың қатарына әртүрлі жастағы 85 жазасын өтеушілер қосылған.
Сонымен қатар колонияның жанында мектептен басқа №13 кәсіптік лицей жұмыс жасайды. Мұнда жазасын өтеушілер автожөндеуші, құрылыс шебері мамандықтары бойынша білім алмақ. 2009-2010 жылғы оқу жылында бұл лицейді 85 сотталушы бітіріп, маман атанса, 2010-2011 жылғы оқу жылынан бастап компьютерлік сауаттылыққа үйрететін тағы бір курс ашылған.
Аталған мекеме басшысы Қараман Ағаниннің айтуына қарағанда, жалпы білім беретін 11 жылдық мектепте қазіргі таңда екі 11-інші, екі 10-ыншы және 9-сыныптар бар көрінеді. Сабақ таңғы сағат тоғыздан басталып, 14.00-де аяқталмақ. Ал әртүрлі пән бойынша жазасын өтеушілерге 12 мұғалім сабақ беретін болады. Оқушылар мен оқу бөлмелері қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Автор: Жанар Низами, Атырау
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: