Білім саласындағы республикалық көрсеткіш бойынша Жамбыл облысы ағарып алдыға түспей, қарайып соңында да қалмай, бел ортада келеді. Көңіл сүйсінтерлік көрсеткіштер де жоқ емес. Үш жыл қатарынан жамбылдық оқушылар республикалық пән олимпиадасынан екiншi орынды еншілеп келеді.
Өткен жылы зияткерлiк байқауларға қатысқан оқушылар 15 медаль иеленсе, биылғы сегіз айдың өзiнде 11 медальды қоржынға салды. Мемлекетаралық бақылау қорытындысы бойынша өңірдегі сегіз мектеп республика бойынша ең үздiк 100 мектептiң қатарына iлiктi. Көңілге көлеңке түсірерлік тұс та жоқ емес. Қандай да бір жетістікке жетіп, ұстаздардың мерейін асырып жүргендердің басым бөлігі – қалалық мектептердің білімгерлері. Ал қыр баласы әлі де қырдан аса алмай келеді. Интернетті игеру, ағылшын тілінде ағып тұру, заман талабына сай білім нәрімен сусындау жағынан кемшін түсіп жататыны жасырын емес. Алынбас асудай болған тест кезінде тұсалып жататын да осы ауыл балалары. Соңғы ҰБТ-ның қорытындысы бойынша Жамбыл облысындағы ауыл мектептерін бiтiрушiлердiң орташа балы 65,60 пайызды құрады. Бұл – республика бойынша жалпы көрсеткіштен 5,9 балға төмен деген сөз.
Бүгінде облыс бойынша 456 мектеп бар. Оның 386-сы ауылда орналасқан. Олардың барлығы да заманауи үлгіде салынған ғимараттарда орналасқан деп айта алмайсыз. Оның ішінде 215-i шағын жинақталған мектепте, 187-сi ыңғайластырылған ғимараттарда отыр. Ғаламтордың ғажайыптарына қанығу – ауыл балалары үшін арман ғана. Кітапхана қоры да олардың сұранысын толық қанағаттандыра алмайды.
«Жол картасы» бағдарламасына облыстағы 118 мектеп ілінген болатын. Оның 68-i күрделi, 45-i ағымдағы жөндеуден өттi. Одан бөлек облыстық бюджеттен 114 бiлiм нысаны ағымдағы, ал 33 бiлiм нысаны күрделi жөндеуден өттi. Алайда облыс көлеміндегі кейбір мектептер биылғы жаңа оқу жылына әлі дайын емес. Білім ошақтарының тек 90 пайызы ғана күміс қоңыраудың сыңғырын естуге дайын. Мойынқұм, Жамбыл, Жуалы, Қордай аудандарындағы жекелеген мектептердің ғимараттарында жөндеу жұмыстары әлі аяқталмаған.
Сұлушаш Құрманбекова, Облыстық білім басқармасының бастығы:
– Бүгінде аймақтағы бірқатар кәсіптік білім беру ошақтарының материалдық-техникалық базасы заман талабына сай емес. 19 кәсіптік лицейдің 12-сі типтік ғимаратта, қалған жетеуі лайықталған ғимараттарда орналасқан. Оның ішінде екі кәсіптік лицейдің өз ғимараты жоқ.
Білім күнінде облыс бойынша 180 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын аттамақ. Оларды 22 мыңнан астам ұстаз білім нәрімен сусындататын болады.
Автор: Гүлжан КӨШЕРОВА, Жамбыл облысы
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: