Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ректор грантының иегерлері анықталды. Биыл оған үміткерлер саны былтырғыға қарағанда бес есе көп. Өткен бейсенбіде оқу орны басшысының грантын жеңіп алған 90 талапкер ҚазҰУ студенті атанды.
Биыл 3200 мемлекеттік білім гранты иегерін оқуға қабылдаған ҚазҰУ жетекші білім ордасы ретінде отандық білім кеңістігіне жанашырлық танытып, тағы 90 балаға ректор грантын тапсырып отыр. Олардың 64-і – “Алтын белгі” иегерлері, қалғаны – халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары. Талапкерлерге грант тапсыру рәсімінде оқу ордасының ректоры Бақытжан Жұмағұлов: «Бұл үміткерлер мемлекеттік байқау кезінде таңдаған мамандықтарына грант бөлінбей қалғаны үшін жазықты емес. Сол үшін біз – университет ғалымдары, декандары мен оқытушы-профессорлар құрамы ақылдаса келіп, осындай ұйғарымға келдік. Оларға университет жыл сайын 67 млн теңге қаржы бөледі», – деген пікірін жеткізді.
Мәдина ЖАКИТОВА, грант иегері:
– ҚазҰУ – менің бала күннен бергі арманым. Еліміздегі бірінші университетке түсу үшін мен мектепте үнемі ізденіс пен үздік оқу үстінде болдым. Міне, сол еңбегім бүгін жүзеге асты. Студенттік жылдарымда Қазақстанның бәсекеге қабілетті маманы болып қалыптасып шығатыныма сенемін.
Автор: Саягүл ӘЛІМБЕКОВА
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: