Өскемендегі коммуналдық қызмет көрсету орындары елдегі қарыздарын қайтарып алудың ерекше жолын тапты. Бұдан былай суға, жылуға тиісті төлемдерін төлемей, қарызға белшесінен батқандарды бүкіл қала танитын болады.
Өйткені олардың фотосуреті қала ішіндегі үлкен баннерлерге қойылып, тіпті қасына аты-жөндері, жұмыс орындары туралы мәліметтер жазылмақ.
Жергілікті әкімдік өкілдері мен коммуналдық қызмет орындарының бірлесіп тапқан бұл әдісінің басты мақсаты – коммуналдық төлемдерден бас тартып, ай сайын қарызға батып жатқандардың ұятын ояту. Ақпараттарға сүйенсек, кейбір борышкерлердің қарызы жүздеген мың теңгеден асып кеткен. Жеке пәтер иелігі кооперативтері төрағаларының ескертулерін де, есікке іліп кеткен түбіртектерін де ешкім ескерер емес. Тіпті кейбір тұрғындардың ісі сотқа дейін де жетіпті. Алайда сот шешімі де қарыздың көлемін азайтпай жатыр. Енді қарызға батқандарға ақпараттық соғыс ашылды. Олардың фотосуреттері толық мәліметпен бірге қала ішіндегі баннерлерге ілінетін болды.
Гүлфариза Рамазанова, Өскемен қалалық әкімдігінің баспасөз қызметкері:
– Қала әкімі де бұл әдісті қолдап отыр. Сондай-ақ жеке пәтер иелігі кооперативтерінің қаншалықты сапалы жұмыс істеп жатқандығы да енді жіті бақылауға алынатын болады. Олар туралы ақпарат жергілікті баспасөз беттерінде жарияланып тұрмақ.
Автор: Елмейір Ахмед, Өскемен
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: