Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында үлкенді-кішілі 32 суқойма мен тоғандар бар екен. Оның 19-ы, яғни Шардарадан бастап 7-10 миллион текше метрлік республикалық меншіктегі суқоймалар «Оңтүстіксушар» РМК-ға қарасты. 
– Жексенбі күні сағат 6-да облыс әкімі Асқар Мырзахметов шұғыл мәжіліс өткізіп, аудан әкімдері мен су шаруашылығы мамандарының барлығына су тоғандарының жағдайларын анықтап, реттеңдер деп тапсырды», – дейді «Оңтүстіксушар» РМК директоры Сенбай Сейсенов.
Сыйымдылығы 5,4 миллиард текше метр Шардара суқоймасында қазіргі таңда 5,2 миллиард текше метр су жиналған. Бүгінде секундына 1297 текше метр су құйылып жатса, 1380 текше метр су төменге тасталуда. Демек, ешқандай апаттық жағдай байқалмайды деген сөз.
Алайда қараусыз қалған тоғандар тағдырын қайтеміз, оған кім жауапты?
Өтепберген ҚЫСТАУБАЕВ, «Арал-Сырдария» су инспекциясының бастығы:
– Егесі жоқтарға қатысты нақты бірдеңе деу қиын. Мәселен, Ащысайға кіреберіс жерде Қатынқорған деген кішігірім тоған ешкімнің балансында жоқ. Бұрын «Южполиметалл» ЖШС-інің есебінде болған. Түркістан қаласының Сауран ауылдық округіне қарасты Майдантал деген суқойма бар, бұл да егесіздер қатарында. Төлеби ауданындағы Текесу суқоймасы туралы да осыны айтуға болады. Текесуды біздің жігіттер көріп келді, техникалық ахуалы өте нашар. Қоймаға су толған. Оған ешкім де қадағалау жасап жатқан жоқ. Ордабасы ауданындағы Бөген суқоймасының да егесі табылмай тұр. Негізі, Бөген, Тоғыс секілді ірі суқоймалары қауіпті саналады.
Автор: Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент
- Блогқа енгізу
- Басып шығару
- Хат жазу
Іздеу
Мұрағат
- Негізгі: Ұлттық батырларымызға шекеден қарауды қашан қоямыз?
- Саяси бюро: Күзге дейін қайта тіркелмеген діни бірлестіктің ел аумағындағы қызметі тоқтатылады
- Ой-көкпар: Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?
- Нарық: Коммуналдық қызмет сапасы арта ма?
- Қоғам: Кешегі министрдің бүгінге көзқарасы
- Дат!: Біз кешегіге өкпе артқанмен, бүгінгіге тәубә деп, ертеңгіге үміт артатын ұлтпыз
Бағамдар
| USD/KZT | 0 | 0% |
| EUR/KZT | 0 | 0% |
| RUB/KZT | 0 | 0% |
Ауа райы
Ұсынылды Gismeteo.Ru
| Күндіз | Түнде | ||
|---|---|---|---|
| Астана | -21...-19 | -25...-23 | |
| Алматы | -13...-11 | -15...-13 | |
| Павлодар | -21...-19 | -32...-30 |






Мақалаға қатысты пікірлер: